Домой Блог Страница 264

Алматы облысында 1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді

2acd079ca9d5c631fc3fa84ef78b3244Алматы облысында жалпы бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі А. Баталовтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде белгілі болды.

Соның ішінде, 22 мың шаршы метр — «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы бойынша, 14,8 мың шаршы метр — жас отбасылар мен пәтер кезегінде тұрған азаматтарға арнап салынған жалдамалы тұрғын үйлер, 170,6 мың шаршы метрі — «Самұрық-Қазына» АҚ арқылы салынған коммуналдық тұрғын үйлер.

Алматы облысында 2020 жылға қарай апорт бағының көлемі 3100 гектар болады

bc75fa53ba464c5cae46e150b0927ea0Бүгінгі күні Алматы облысы аумағында 1973 гектар жерде апорт өсіріледі. Биылғы жылы 667 гектар жерге бақ отырғызылса, соның 202 гектары – апорт. Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов хабарлады.

Мемлекет қолдауының нәтижесінде тамшылатып суару технологиясымен жабдықталған ірі интенсивті бақтар пайда болды. Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданындағы «АмалБио» ЖШС («ФрешФуд») 45 гектар жерге 30 түрлі сортты 127 мың ағаш отырғызды, Ұйғыр ауданындағы «AlmaProdex» ЖШС 20 га, Сарқан ауданындағы «Сарқан Агро» ЖШС 100 га аумаққа апорт екті.

2020 жылға қарай облыста бақтардың көлемін 20 мың гектарға, ондағы апорттың үлесін 3100 гектарға жеткізу көзделіп отыр.

Жаркент крахмал-сірне зауытының өндіріс қуаты жылына 54 тоннаға дейін артты

89f95f88aa0fcbede030fb51e799ba13«Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында Жаркент қаласындағы крахмал-сірне зауыты модернизациялаудан өтті. Нәтижесінде зауыттың өндіріс қуаттылығы жылына 10 мыңнан 54 мыңға дейін артты. Бұл туралы Алматы облысының әкімі А. Баталовтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды.

Алматы облысы әкімінің айтуынша, мемлекеттік – жеке меншік серіктестік негізінде «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қатысуымен ауданы 8,3 га аумаққа қосымша екі дән кептіру орны тұрғызылған. Нәтижесінде 400 шаруа қожалықтары жүгері өнімін кептіру және сақтау мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен бірге жүгері дақылының егістік алқабы 72 мың гектарға артып, ондағы еңбек етуші шаруа қожалығы саны 3900 жетті, бұл өз тарапынан қосымша 11 мың ауыл тұрғынына жұмыс берді.
Алдағы уақытта соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған қосымша екі арнайы сервистік-әзірлік орталығын салу және 20 мың адамды жұмыспен қамту жоспарда бар.

Импорт алмасу жүзеге асырыла бастады

c497059a9d86c1c328eea30659c0d518Алматы облысында отандық инвестор тартудың нәтижесінде Көксу зауыты іске қосылды. Бұл зауыт «зәкірлі жоба» ретінде кластерлік жүйенің барлық технологиялық желісін құра отырып, 351 шаруа қожалығын өз маңайына топтастыра алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов хабарлады.

Оның айтуынша, «Жетісу» ӘКК» ҰК АҚ қатысуымен француздық тұқым сатып алынып, 6 сервистік-дайындау орталықтары құрылды, 1 млрд. теңгеге жуық сомаға 161 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары алынды, оның ішінде 22 қант қызылшасын тасымалдауға арналған 22 ірі жүк машинасы да бар.
Соның нәтижесінде Алматы облысында 4020 гектар жерге қант қызылшасы себіліп, онда 5 мыңнан астам адам, қант зауытында 215 адам жұмыспен қамтылды.

Барлығы 121,3 мың тонна өнім жиналып, 12 мың тонна қант өндірілетін болады. Яғни Алматы облысы импорт алмасу ісін сәтті жүзеге асыра бастады. Келесі жылы қант қызылшасының көлемі 6 мың гектарға дейін ұлғайтылып, 2020 жылға қарай 14 мың гектарға жеткізу межеленген.

Алакөл көлінің жағалауында демалушылар қатары артып келеді

cae28c3db591ddc44988417f6501b58aАлакөл көлінің жағалауында демалыс аймақтарына 93,8 км электр желісі тартылған. Балқаш өзеніне апаратын жолдың 141 шақырымын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Астанада өткен брифинг барысында хабарлады.

Осы жағалауларда ірі инвесторлар екі бес жұлдызды қонақ үй құрылысын бастады. «Алматы-Достық» темір жол бағыты жандандырылды. Алдағы уақытта Алматы – Үшарал әуе қатынасын ашу жоспарланған.

Осы жұмыстардың нәтижесінде тек биылғы жылдың өзінде Алакөл және Балқаш көлдерінің жаңалауында демалушылар саны 1,4 есеге артып, 138 мың адамды құрады.

Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша 1,3 млрд. теңгенің шағын несиесі берілді

1864fddb4057aed5434caf8530a94fe2Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша 609 адамға жалпы сомасы 1,3 млрд. теңгенің шағын несиесі берілді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі А. Баталовтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде белгілі болды.

«Даму» қорына жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлініп, ол өз есебінен 30 жобаны жүзеге асыру үшін екінші деңгейлі банктердің 1 млрд. теңгеден астам жеке қаражатын тартуына ықпал етті.

Барлығы қор арқылы 360 компания қаржылық қолдау тауып, олар 100 млрд. теңгеден астам инвестиция тартуға жағдай тудырды.

Нәтижесінде, жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 3,5 % өсіп, 162,1 мың бірлікті құрады және 328 мың адам жұмыспен қамтылды.

Алматы облысында Индустриаландыру Картасы бойынша 53 жоба жүзеге асырылды

4d36aa451132c3e2a77541215d6c714bИндустриаландыру Картасы бойынша индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы облысында құны 290,1 млрд. теңгенің 53 жобасы жүзеге асырылды.

Соның арқасында 7636 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі А. Баталовтың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды.

Аталған кәсіпорындар 125, 4 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Ол өз есебінен жалпы өндіріс көлемінің үлесін 7,6% жеткізді.

Алматы облысында инвестиция тарту жолға қойылған

854596c620345b9dd4bf773ce8bac102Алматы облысында отандық бизнес өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізудің нәтижесінде бизнесмендерден 140 өтініш түскен. Оның ішінде жалпы құны 532 млрд. теңге болатын 75 инвестициялық жоба жүзеге асырыла бастады. Мұнда барлығы 9912 жұмыс орны құрылатын болады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ОКҚ-да өткен брифингіде хабарлады.

А. Баталовтың айтуынша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде шетелдік инвесторлар тарту ісі де жолға қойылған. Қытай Халық республикасымен бірлесіп дайындалған төрт жобаны жүзеге асыруға 201 млрд. теңге тартылады деп жоспарланып отыр. Жыл басынан бері шетелдік инвесторлармен 6 меморандумға қол қойылды. Соның ішінде келесі жылы Швеция мен Австрия компаниялары Алакөл ауданында жел электр станциясының құрылысын бастайтын болады.

Ашқарынға не жеуге болмайды?

Чай с лимоном и ягодами
Чай с лимоном и ягодами

Асты да абайлап жеген абзал. Ал ашқарынға төмендегідей тағамдар жемеу керектігін біле жүргейсіз:

Кофе. Ертемен тұрып кофе ішемін дейтіндерді жиі естиміз. Десе де,  кофе асқазанды қоздырып, сөлді көптеп шығарады екен. Ал оның әсерінен гастрит ауруына тап болуыңыз мүмкін.

Банан. Бананның құрамында магний элементі көп. Ол  жүрек-тамыр жүйесін реттегенімен  ашқарынға  банан жесеңіз, кальций-магний байланысын бұзуы мүмкін.

Суық сусын. Аш асқазандағы  тамақ қортылуы үшін суық сусындардан гөрі жылы су ішіңіз.

Піспеген көкөністер. Көкөністердің құрамында болатын табиғи қышқылдар ішек шырышының қабынуының бірден-бір себебі. Бұл асқазандағы ойық жаралар мен гастритке алып келеді.

Йогурт. Таңертең асқазанға йогурттың құрамындағы бактериялар қажеті шамалы. Одан да оны таңғы астан кейін немесе кешке жеген пайдалы бола керек.

Тәттілер. Ашқарынға тәтті жеуге болмайды. Ол қан құрамындағы қанттың өсуіне әкелуі мүмкін.

Цитрус. Ашқарынға цитрус жемісін жеу аллергия, гастрит қоздыруы мүмкін.

anabol.kz

Алматы облысында 100 жаңа пәтердің кілттері табысталды

ccae3b35d22639e39f576012106e044fБүгін — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні пәтер алу кезегінде тұрған азаматтарға Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешенінен 100 жаңа пәтердің кілттері табысталды. Салтанатты шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты.

Қоныс иелеріне құттықтаған өңір басшысы, өз сөзінде:
— Бүгін — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтерлерді берудеміз. Мұны қоныс иелерінің көбісі үшін шынымен де асыл армандарының орындалғаны деп түсінуге болатын шығар. Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын бекітіп, болашаққа бағыт-бағдар берген, жер-жаһанға танытып, бүгінгідей біздің беделді әрі қуатты мемлекетке айналуымызда – Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз.
07b81da5fa064727fbc663eb83e0e1e1Біз бүгін адам көңілін елжіретер жақсы істің куәсі болып тұрмыз. Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауының негізінде, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қолжетімді тұрғын үй құрылысы, пәтер беру мәселесі елімізде жыл санап шешімін тауып келеді. Осыдан бұрын өздеріңіз секілді баспанаға мұқтаж азаматтарға Талдықорған қаласынан 60 пәтер берілген болатын. Сіздерге де міне 100 пәтер берілуде. Қоныстарыңыз құтты болсын! Үйлеріңізде тек қана жақсылық, шаттық орнасын! Бұл бастама сіздердің болашаққа деген сенімдеріңізді нығайтып, үміт отын сөндірмесін!
Облыс әкімінің қолынан алғашқылардың бірі болып пәтер кілтін алған Александр Чернявский:
— Бірінші кезекте баршаңызды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтаймын. Көрсетіліп жатқан қолдау мен көмектеріңіз үшін Елбасына, облыс әкіміне шын жүректен шексіз алғысымды білдіремін. Енді менің жеке баспанам бар.

df8176a907a7111d7095a6a1851f6d92Пәтер кілтін табыстау рәсімінен кейін, жаңа үйге кіру алдындағы дәстүр бойынша шашу шашылып, облыс әкімі А. Баталов бірнеше пәтерді аралап, пәтер иелерімен әңгімелесіп, оларға бақыт пен молшылық тіледі.
Айта кетер болсақ, 2006-2014 жылдар аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан балаларға тек 66 пәтер бөлінсе, бүгінгісін қоспағанның өзінде 2015 жылдың 10 айында Текелі қаласында — 26, Қапшағай қаласында — 21, Ақсу ауданында — 9, Көксу ауданында – 4 және Талдықорған қаласында 60 жалпы саны 120 жетім бала қоныс тойын тойлады.