Домой Блог Страница 279

«007: Спектр» фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы отандық кинотеатрларда көрсетіле бастады

«007: Спектр» фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы отандық кинотеатрларда көрсетіле бастады
қазақ тіліндегі нұсқасы

Астанада «Columbia» студиясы түсірген «Бондиананың» кезекті «Спектр» фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы көрсетіле бастайды. Әлемдік деңгейдегі туындыны әдеттегідей «Болашақ» қауымдастығының түлектері ана тілімізге аударған.

«Болашақ» қауымдастығы бес жылдан бері Голливудтың кинолары мен анимациялық фильмдерін қазақ тіліне аударып келеді. Әйгілі агент Джеймс Бонд туралы 24-ші фильм де бүгіннен бастап отандық кинотеатрлардан қазақша көрсетілмек. Бұл 2011 жылдан бері ана тілімізде дубляждалған 12-ші, ал 2015 жылдың үшінші премьерасы.

«Соңғы кездері кино саласындағы аудармаға көп сын айтылуда. Сын жұмыс жүрген жерде айтылады, сондықтан оның болғаны жақсы. Қазіргі қазақ тіліне аударылған кинолардың сапасы әлдеқайда түзелген, халықаралық талаптарға сай деп айта аламын. Алдағы уақытта біз бұл қауымдастықтың жұмысына қолдау білдіріп, одан әрі де бірге жұмыс істесетін боламыз. Негізі осы жобаның арқасында біздің тіліміз әйгілі Columbia Pictures кинокомпаниясы әзірлеген фильмдерді дубляждауда 7-ші әлемдік тіл болып бекітілді. Ал, атақты Walt Disney студиясында жасалған фильмдерді дубляждауда 7 мың әлем тілдерінің ішінде 39-шы орында тұр. Бұл – үлкен жетістік», — дейді Б.Уәли.

Айта кетейік, тұңғыш рет қазақ тілінде дыбысталған фильмдердің қатарында «Көліктер-2», «Батыл жүрек», «Құбыжықтар университеті», «Галактика сақшылары», «Күлбике», «Кек алушылар: Альтрон дәуірі» және т.б. әлем мойындаған туындалар бар.

baq.kz

Облыстың ауыл шаруашылығына инвестиция салуға чехиялықтар ниет білдірді

Облыстың ауыл шаруашылығына инвестиция салуға чехиялықтар ниет білдірдіАлматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйінің Абай залында облыс әкімі Амандық Баталов Чехия Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Мариан Юречкамен кездесті. Кездесуде  екі жақты экономикалық әріптестікті дамыту туралы мәселе сөз болды.

Кездесуге Қазақстандағы Чехия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Элишка Жигова, Чехияның Құрметті консулы Ұзақбай Айтжанов және ТМД елдері бойынша Сауда-өнеркәсіптік палатасының директоры Франтишек Масопуста және облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев қатысты.

Облыс басшы Амандық  Баталов шетелдіктерге Алматы облысының даму жағдайы, экономикалық мүмкіндіктері, агроөнеркәсіп кешеніндегі айтулы жобалар туралы баяндады. Чехия мемлекетімен іскерлік қарым-қатынас орнатып, екі ел арасындағы байланысты жандандыруға пейілді екенін атап өтті.

Өз кезегінде Чехия елінің Ауыл шаруашылығы министрі Мариан Юречка Қазақстанның, соның ішінде климаттық жағдайы, орналасуы жағынан зор қолайлы жағдайға ие Алматы облысының агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция салуға ниет танытты. Министрдің айтуынша, Чехияда ет-сүт өнімдерімен қатар, сыра өңдеу жұмысы жандандырылған. Ал ауыл шаруашылығында тамшылатып суару технологиясының игілігін көріп отыр.

Осы сапарда Қазақстаннан құс фабрикасын салу мәселесін шешуге қадамдар жасалуда. Келешекте өндірісі мен өнеркәсібі өркен жайған Алматы облысына инвестиция салып, кәсіпкерлікте бірлескен маңызды жобаларды жүзеге асыратынына сенімділік білдірді.

Кездесуден кейін екі жақтың ресми өкілдері «Атакент» жәрмеңке орталығында ұйымдастырылған чехиялықтардың ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысып, отандық өнім түрлерімен танысты. Онда 36 компанияның өнімі көпшілік назарына ұсынылды.

Облыстың әлеуметтік саласының жай-күйін баяндап берді

Облыстың әлеуметтік саласының жай-күйін баяндап бердіБүгін Талдықорғандағы Журналистер үйінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Алматы облысындағы бөлімшесі облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қаныбек Айтжановтың қатысуымен журналистерге арнап брифинг өткізді.

Спикердің айтуынша, биылғы жылы әлеуметтік салаға 8,6 млрд. теңге бөлініп, бүгінгі күнге оның 6,2 млрд. теңгесі игерілген. «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша жол, ауыз су сияқты инфрақұрылымдық 49 жобаны іске асыру көзделген, бүгінгі күні соның 25-інің жөндеу жұмыстары аяқтаған. Осы жобалар негізінде 715 адам жұмыспен қамтылып, соның 54 % жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылған. Екінші бағыт бойынша жыл басынан бері 609 адамға 1339,2 млн. теңге шағын несиелер беріліп, бұл, әсіресе, ауылдық жерлерде тұратын азаматтар үшін өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.

Сол сияқты әлеуметтік жұмыс орындары құрылып, жастар практикасын ұйымдастыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде. Басқарма басшысы Қ. Айтжанов Еңбекшіқазақ ауданында іске асырыла бастаған «Өрлеу» қанатқақты жобасы, мүгедек жандар мен қарттарға көрсетілетін қолдаудар туралы да кеңінен баяндап, журналистердің әлеуметтік салаға қатысты сауалдарына жауап берді.

«Қараш-қараш» әлеуметтік драмасының премьерасы өтеді

Қ.Қуанышбаев  атындағы  Мемлекеттік  академиялық қазақ музыкалық драма театрында қарашаның 4-5  күндері, сағат 18.30-да  «Қараш-қараш» атты  әлеуметтік драманың  премьерасы өтеді.

«Қараш-қараш» әлеуметтік драмасының премьерасы өтеді
премьерасы

Қазақ  халқының  әр перзентін  елін-жерін  сүюге  тәрбиелейтін драма  Елорда сахнасында тұңғыш рет сахналанбақ.

Авторы –  жазушы, драматург Қалиқан  Ысқақ, қоюшы  режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. Пьесаны қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» повесті бойынша Қалиқан Ысқақ сахналық нұсқасын жасаған. Бұл режиссер Әлімбек Оразбековтің  Әуезов  әлеміне төртінші рет қадам басуы. Бұған дейін «Абай», «Айман-Шолпан», «Қорғансыздың күні» пьесаларын дүниеге әкеліп, бүгінгі таңға дейін көрерменнің  сүйікті қойылымдарына айналған болатын. Елін-жұртын ойлап, күн кешкен екі азаматтың достығы, туған жерге деген үлкен махаббаты, ар алдындағы адалдығы көрініс табады. Жарасбай ойдың адамы,  Бақтығұл істің адамы. Осы екі ұғым бірін-бірі түсінуде сәл жаңсақтық  жіберсе,  «сатқындық» дейтін  жау  тұтқиылдан шабуыл жасайды. Бүгінге дейін күрделі тақырып «жер» мәселесі қойылымның күретамыры. Ата-бабадан қалған аруақты даланы сақтап қалу — әр қазақтың адами парызы.

IMG_7147

IMG_7058

IMG_6986
IMG_6752

IMG_6730

Тұрғын үй мәселесі талқыланды

Тұрғын үй мәселесі талқыландыАлматы облысында тұрғын үй салымшыларының салымдарын компенсациялау, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының шеңберіндегі шаралар, «Қолжетімді баспана» бағдарламасының мүмкіндіктері сынды бірқатар сұрақтар күн тәртібіне қойылды.

Бұл мәселелер ҚР Президенті жа­нын­дағы Орталық коммуникациялар қызметінің Алматы облысындағы бөлім­шесі «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі және мемлекеттік бағдарлама аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жергілікті атқарушы органдармен қа­рым-қатынастары» тақырыбында бри­фингте талқыланды. Брифингке Қазақстанның «Тұрғынүйқұрылыс­­жинақ­­банкі» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Ғалымжан Шалғымбаев, директордың орынбасары Райхан Бай­бөрінова, облыстық құрылыс басқар­ма­сы басшысының орынбасары Марат Нү­сіпбаев және Талдықорған қаласы әкі­мінің орынбасары Әділ Алмас қатыс­ты.
Осы орайда облыс әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиевтің төрағалығымен облыстық мәслихат хат­шысы, облыстық басқарма басшылары, аудан және қала әкімдерінің орынбасар­лары, ауылдық округтер әкімдері, 5000-нан жоғары халық саны бар ауылдық округ әкімдіктері есепшілерінің қаты­суымен семинар кеңес өткізілді.
Кеңес барысында Алматы облысы­ның экономика және бюджеттік жос­парлау басқармасы, облыстық қар­жы басқармасы және облыстық кірістер де­партаментінің басшылары өз баяндама­ларында жергілікті өзін-өзі басқару ор­ган­дарының дербес бюджетін қа­лып­тас­­тыру жолдарын түсіндіріп, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Ұлт жоспарының «100 нақты қа­дамын» жүзеге асыру мақсатында бұған дейін облыста арнайы комиссия және бес жұмыс тобы құрылған болатын. 100 нақты қадамның бірі 2018 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізуді көздейді (98-қадам). Қазіргі уақытта осы бағытта дайындық жұмыстары жүргізілуде.

aikyn.kz

Tele2 мен ALTEL 4G бірігеді

Tele2 мен ALTEL 4G бірігетін болады

Tele2 Group пен «Қазақтелеком» АҚ өздеріне қарасты «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (бренд «Tele2») мен «АЛТЕЛ»  АҚ (бренд «ALTEL 4G») мобильді операторларын біріктіру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Қазақтелекомның әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында хабарланды.

Келісімшарт нәтижесінде екі тараптың клиенттік базасы 7 млн абонентті құрайды. Бұл Қазақстандағы мобильді байланыстың 20%-дан астамы деген сөз.

«Бұл келісім негізінде біздің пайдаланушылар үдемелі жылдамдықпен өсіп келе жатқан «Алтельдің» 4G желісіне қол жеткізе алады.  Осы бірігудің арқасында біздің клиенттер мен акционерлер жоғары нәтижеге қол жеткізеді» — деді «Tele2 Group» президенті Элисон Киркби.

«Қазақстанда жасалған» павильоны ашылуы мүмкін

«Қазақстанда жасалған» павильоны ашылуы мүмкін
павильоны

«Халық маркасы» жалпы­ұлттық жобасының жетекшісі Римма Тәжібаеваның мәлімде­уін­ше, 2017 жылы ЭКСПО көр­ме­сінде осындай көрме павильоны жаб­дықталса, келу­шілердің саны көп болады.

– Біз ұлттық компанияға ЭКСПО көрмесінде «Қазақ­станда жасалған» павильонын ашуды ұсындық. Қазір мәселе талқыланып жатыр, – деді ол.
Жоба жетекшісінің сөзінше, «Халық маркасы» жалпыұлттық байқауында жеңімпаз атанған кә­сіпорындар Миланда өз өнімдерін әлем жұртшылығының назарына ұлттық бренд ретінде ұсынған. Олардың өнімдеріне шетелдіктер қатты қызыққан.
Жыл басында Мемлекет басшы­сының бастамасымен республика бойынша «Қазақ­станда жасалған» акциясы ұйым­дастырылып, оған 70-тен астам отандық өндіруші мен 100-ден астам марка қатысқанын атап көрсеткен жоба жетекшісі қазіргі таңда 27 кәсіпорын «Халық маркасы» деген атаққа лайық деп танылып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, Ақтөбе, Оң­түстік Қазақстан және Алматы қалалары азық-түлік өндіру­шілердің көшін бастап тұр.
Айта кетейік, «Халық мар­касы» байқауының жеңімпаздары биылғы жылдың 9 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында Миланда өткен ЭКСПО көрмесінде өз өнімдерін көрсетті. Бұған қоса жеңімпаздар «Халық маркасы» белгісін өз тауарларында жарнама ретінде 2 жылға дейін қолдану құқығына ие болды.

aikyn.kz

Астана — Атлетико матчы туралы медиажинақ

0

Астана — Атлетико Мадрид матчы туралы желідегі жаңалықтар, сілтемелер, фотолар мен видеолар

Қазақ ертегісіндегі кейіпкерлер образы нақты бір ғана бейнемен бекітілмек

Қазақ ертегісіндегі кейіпкерлер образы нақты бір ғана бейнемен бекітілмек
кейіпкерлер образы

Енді халық ауыз әдебиетінде көркем сөзбен сомдалған ертегідегі кейіпкерлер образы нақты бір ғана бейнемен бекітілмек. Бұл мақсатта қылқалам шеберлері арасында байқау жарияланды.

 Мамандардың айтуынша, кітаптар мен мультфильмдерде бір ғана Алдар көсенің жетпіс түрлі бейнесі кездеседі. Филологтар мен теолог мамандар фольклорлық кейіпкерлердің түр-сипаты нақты қандай болуы тиіс екенін бекітіп, суретшілерге Таусоғар, Саққұлақ, Көлтауысар сынды 34 образды ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша 34 жеңімпаз анықталып, оларға 60 мың теңге көлемінде жүлде тағайындалған. Үздік суреттер төрт мың дана болып шығатын кітапқа енеді. Айта кетейік, оқулық инновациялық технологиялар көмегімен бүлдіршіндерге анимациялық өнім дайындайтын мекемелерге тегін таратылады. Жобаға мемлекет тарапынан 3 миллион теңге бөлінген.

Бижомарт Қапалбек, жоба идеясының авторы:

— Бала қай оқулықта Ертөстік екенін, қай оқулықта Желаяқ, Таусоғар екенін білмей, дал болуда. Оның астына мәтінмен жазып қоймаса, бала оны білмейді. Есесіне, бала шетелден келген геройлардың образдарын жақсы таниды. Осы жобаның мақсаты – біз ата-бабамыз тастап кеткен мұрадағы кейіпкерлерді біріздендіру.

baq.kz

Торғай даласындағы тылсым өрнектер бүкіл әлемнің назарын аударды

Торғай даласындағы тылсым өрнектер бүкіл әлемнің назарын аударды
тылсым өрнектер

Тағы да бүкіл әлемнің назары қазақ даласына ауды. Бұл жолы жаһанның қызығушылығын тудырған дүние Торғай өлкесінен табылған тылсым өрнектер болып отыр.

Таяуда АҚШ-тың НАСА ғарыш агенттігі жерге ойылып салынған аталған геометриялық денелердің фотосуреттерін жариялады.

Негізі бұл өрнектерді алғаш рет 2007 жылы Қостанай тұрғыны Дмитрий Дей кездейсоқ тауып алған еді. Ол пирамидалар туралы фильм көріп, Google Earth бағдарламасы ар­қылы өз қа­ласының маңынан сондай тарихи жәді­герлерді іздеген. Нәтижесінде, Торғай дала­сын­дағы түсініксіз суреттердің үстінен түсті.

Бүгінде Turgay Discovery жобасының жетекшісі Д.Дей осы салаға біржола бет бұрған. Оның айтуынша, қазірге дейін 260 геоглиф табылған екен. Олардың арасында темір дәуіріне және ғұн-сармат кезеңіне тиесілі өрнектер де бар. Ал ең ежелгілері болып саналатын алып шаршы мен айқыш осыдан 8 мың жыл бұрын пайда болған.

Қазіргі таңда Торғайдағы тылсым өрнектер — әлемнің көптеген ірі оқу орындарында жиі талқыланатын тақырыптардың бірі. Бірнеше футбол алаңының аумағын алып жатқан геоглифтер ор, қорған және дуалдар кешенінен құралған. Кейбір зерттеушілер оларды Күннің қозғалысын тәулік бойы бақылау үшін салынған деп жорамалдап отыр.

baq.kz