Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Ерекше қалалар

Жаңалықтар

Ерекше қалалар

Ерекше қалалар

Біз қалалардың атын терең тарихына үніліп, бір сөзге бірнеше мағына мен қаланың бар болмысын сыйғызатын атау іздеп жүргенде, Эстондықтар ағаш үйлі қаласының көшелерін көкөністер атымен атаған да, қалаға «Сорпа қала» деген есім бере салған. Иә, иә, Эстонияда Супилин қаласынан шынымен картоп, қырыққабат атындағы көшелерді кездестіре аласыз.

Америкадағы Пенсильвания штатының Централия қалашығы да ерекше қалалар тізімінде. Қаланың басты, әрі жалғыз ерекшелігі – өрттің аяқталмауы. Қала көшелеріндегі көмір пластарының әсерінен қалада 50 жыл бойына өрт тоқтамаған. Тұрғындар қашан тоқтайтынынан да хабарсыз екен.

Францияда Ренн-ле-Шато деген 91 тұрғынға мекен болған ауыл бар. Алып-қашпа әңгімелерге сүйенсек, қасиетті Грааль дәл осы ауылда-мыс.

Мыңға жақын жергілікті тұрғын қала үйлерінің сыртын алпыс алуан түске бояп, сәндеген. Содан кейін, қалаға келушілер саны күрт өсіп, тіпті 200 000-нан аса турис келіп үлгеріпті. Бұл ғажайыпқа таңырқағандар қалаға «аспан астындағы Тасман галереясы» деген атау берген.

Розуэлл – АҚШ-тың Нью-Мексико штатында орналасқан қала. 1947 жылға дейін қатардағы елеусіз қалалардың бірі болған. Танымалдық бұл жерге қала жанында бөгдепланеталықтар қонды деген әңгімелерден кейін келді. Бұдан кейін қалада бәрі өзгерді. Тіпті, фаст фуд ресторандарын да ұшқық тәрелке тәрізді етіп салған. Қалада жыл сайын БҰН фестивалі өтіп тұрады. Сол уақытта дүкендерден бөгдепланеталықтарға байланысты заттар мен сыйлықтар тауып, БҰН музейіне бара аласыз.

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Жаңалықтар айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары