Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Жасымық сорпасы

Kitchen

Жасымық сорпасы

Жасымық сорпасы

Бүгінгі ас мәзірімізде жылдам әрі жеңіл дайындалатын, дәмді – жасымық сорпасы.

 Қажетті қоспалар:

  1. пияз
  2. сәбіз
  3. қызанақ
  4. қызанақ пастасы
  5. картоп
  6. жасымық (чечевица)
  7. тұз, дәмдеуіш, сарымсақ

 

 

 

Алдымен,  1 орташалау  пиязды(жуа) ұсақтап турап майға қуырамыз. Шалалау қуырылғаннан кейін,   дәл сондай сәбізді  де  шаршы пішіндес етіп турап, пиязға қосып  қуырып аламыз. Содан соң қызанақтың сыртқы қабығын аршып, оны да майға қуырып,  ас қасықпен жарты қасық қызанақ пастасын саламыз. (Қызанақты ыстық суға жусаңыз, қабығы тез әрі оңай алынады). Қуырылғаннан кейін , 2-3 картопты да ұсақтап турап, 1 кесе жасымықпен (чечевица) қатар табаға салып үстіне қалаған мөлшеріңізде қайнаған  су құясыз.  Негізінде 1 кесе жасымыққа 2 кесе су жетіп қалады. Соңында  тұз бен дәмдеуіштерді салып,  дәмін келтіру үшін аздаған мөлшерде сарымсақ  қосуға болады.  Міне, осылай сорпаны 20 минут қайнатып алыңыз. Құрамындағы көкөністер піскеннен кейін, блендердің  көмегімен араластырыңыз.

 Тағам дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Бөлісу:
Әрі қарай оқу
Сізге ұнауы мүмкін...
Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Kitchen айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

АЛАШПЫЗ БІЗ!

Авторы: 28.11.2017
Жоғары