Жақсы Ақпараттар Сайты

Жақсы Ақпараттар Сайты

Әлемдегі ең қауіпсіз қалалар

Туризм

Әлемдегі ең қауіпсіз қалалар

Economist журналы әлемдегі қауіпсіз қалалар тізімін жариялаған болатын. Бұл рейтингті халқының өмір сүру, денсаулық сақтау жүйесі, инфрақұрылым, қала тұрғындары мен қонақтардың қауіпсіздік деңгейіне сүйене отырып жасаған. Бұл рейтінгтің басында:

 Токио, Жапония

 Түннің ортасында далаға шығып серуенлеймін десеңіз, мархабат! Өйткені, Токио әлемдегі ең қауіпсіз қала. Қаланың кез келген ауданында бейне бақылау жүргізіледі. Алайда, Токио қауіпсіздігімен ғана емес, әлемдегі ең қымбат қалалар көшін бастайтынымен де мақтана алады.

Сингапур, Сингапур

Көшеде темекіні арнайы орында тартпағаны үшін түгел бір айлық көлемінде айыппұл салатын «тәртіпті» қала қауіпсіздік жағынан, әлбетте, Токиодан кейін орын алуы ғажап емес. Сингапур полицияларының жұмысына ұқыптылығы Оңтүстік-шығыс Азиядағы ең тығыз қалада өзіңді емін-еркін сезінуге мүмкіндік береді.

Осака, Япония

Жапонияның гастрономиялық астанасы болып табылатын Осака да құқық қорғаушыларының мінсіз жұмысымен мақтана алады. Онымен қоса, Осакада адасып кету тіптен қорқынышты емес. Қала халқы сізге бұл кезде қуана-қуана жол көрсетеді.

Сидней, Аустралия

Аустралияның ең үлкен әрі ең көне қаласы инфрақұрылым мен экономика қауіпсіздігі бойынша үшінші орында. Сидней көңілді қала болғанына қарамастан, қауіпсіз де. Ал, аустралиялықтар әлемдегі ең қонақжай халық дейді-мыс.

Торонто, Канада

Солтүстік Америкадағы қауіпсіз қала атағын бірнеше жыл қатарынан сақтап келе жатқан Торонто қаласы тұрғындардың жеке қауіпсіздігі үшін жылдан-жылға дамуда. Дамыған инфрақұрылымына қарамастан, арзан бағалары Торонтоны өмір сүруге ыңғайлы қалалар қатарына қосады.

Бөлісу:

Жақсы Ақпараттар Сайты

Пікір үшін басыңыз

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.

Туризм айдарындағы жазбалар

Соңғы жарияланымдар

Жоғары